07 қаңтар 2021 | 11:04

Еуроодақ елдерінде коронавирусқа қарсы америкалық вакцинаны қолдану ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) ЕО елдерінде америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа вакцинасын қолдануды ұсынды. Бұған дейін Еуроодақ аумағында Pfizer вакцинасы қабылданған болатын, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) ЕО елдерінде америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа вакцинасын қолдануды ұсынды. Бұған дейін Еуроодақ аумағында Pfizer вакцинасы қабылданған болатын, - деп хабарлайды РИА Новости.

Енді ЕО аймағында Moderna вакцинасын қолданудың техникалық шешімін Еуропалық комиссия шығаруы керек. ЕК басшысы Урсула фон дер Ляйен Twitter желісіндегі парақшасында "бұл вакцинаны ЕО елдерінде қабылдау үшін және ел тұрғындары үшін қолжетімді болуы үшін жұмыс істеп жатқанын" айтты.  

Еурокомиссия мен Moderna компаниясының арасында келісімшарт қарашаның соңында жасалды. Келісім бойынша 160 миллион доза вакцина сатылады. 

21 желтоқсанда еуропалық реттеуіш еуропалық нарыққа Pfizer/BioNTech вакцинасын енгізген болатын. Еурокомиссия сол күні вакцинаға қатысты соңғы шешімді шығарып, бірнеше күннен кейін препарат ЕО елдеріне әкеліне бастады. Бүгінде ЕК компаниямен қосымша сатып алу туралы келісім жүргізіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети