Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларын жария етті. Енді еуропалық компанияларға ресейлік әріптестеріне мұнай өндіру және барлау қызметін ұсынуға тыйым салынып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости
Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкцияларын жария етті. Енді еуропалық компанияларға ресейлік әріптестеріне мұнай өндіру және барлау қызметін ұсынуға тыйым салынып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости
Еуроодақ сонымен бірге Ресейдің қорғаныс секторындағы тоғыз компанияға тауар жеткізуге тыйым салды. Олардың арасында "Калашников концерні" де бар. Сондай-ақ Ресейдің мемлекеттік банктерінен несие алуға шектеуді күшейтті. Ресейге қарсы санкцияларға "Роснефть", "Транснефть", "Газпром нефть", "Оборонпром", ОАК, "Уралвагонзавод" та ілігіп отыр. Ресейдің еуропалық инвесторларына 30 күннен артық мерзімге несие берілмейтін болады, несиені дәл осындай мерзімге жаңа құнды қағаздармен, акциялармен, басқа да қаржы құралдарымен сатып алуға тыйым салынады. Бұған дейін несиелер мен құнды қағаздарға қатысты шектеулер болмаған еді.
Еуроодақтың жаңа тізімінде ДХР жетекшісі Александр Захарченко бар, ол өзіне қатысты шектеулерге қайғыра қоймағанын айтып үлгерді. Санкциялық тізімге Мемлекеттік дума депутаттары Светлана Журова, Николай Левичев, Игорь Лебедев, Иван Мельников, Александр Бабаковтар да енді.
Еске сала кетейік, соңғы рет Ресейге қарсы санкциялар легі 8 қыркүйекте қабылданған еді. Ол Еуроодақтың ресми журналында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Ресейге қатысты жаңа санкциялардың ол "Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін" енгізілетіні хабарланған болатын. Ресейге қатысты алғашқы шектеу шаралары 2014 жылдың 31 шілдесінде қабылданды.