Еуроодақ 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді шығаруға тыйым салуды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропарламент сайтына сілтеме жасап.
Еуроодақ 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді шығаруға тыйым салуды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропарламент сайтына сілтеме жасап.
Еуропалық Парламент жаңа жеңіл автокөліктер мен коммерциялық көліктер үшін CO2 (көмірқышқыл газы) шығарындыларын азайтудың жаңа мақсаттарын бекітті.
"Жаңа заңнама 2035 жылға қарай жаңа жеңіл автокөліктер мен коммерциялық көліктер үшін СО2 шығарындыларын нөлге теңестіруге жол ашады. 2030 жылға дейін шығарындыларды азайтудың аралық мақсаттары жеңіл автомобильдер үшін 55 пайыз және фургондар үшін 50 пайыз деңгейінде белгіленді", - делінген хабарламада.
Біріктірілген бұл заңдар ЕО-ның 27 еліндегі 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай шығарындыларды 55 пайызға азайтуға арналған. Осылайша, 2035 жылға қарай СО2 шығарындыларын 100 пайыз азайту 27 елдің блогында жаңа бензинмен немесе дизельмен жүретін көліктер мен фургондарды сатуға тиімді тыйым салады.
Еуропарламент хабарламасында 2025 жылы комиссия ЕО нарығында сатылатын көліктер мен фургондардың өмірлік циклі бойынша СО2 шығарындылары туралы деректерді бағалау әдістемесін ұсынатыны атап өтілген. 2026 жылдың желтоқсанына дейін комиссия шығарындылар лимиті мен отын мен энергияны тұтыну бойынша нақты деректер арасындағы алшақтықты бақылайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!