Еуроодақ Сириядағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкция жариялау мәселелерін қарастырып жатқан жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке жұма күні Еуропа Одағының жоғары лауазымды өкілі хабарлаған, алайда оның аты-жөні аталмайды.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-тар Еуроодақтағы бір шенеунікке сілтеме жасай отырып, Сирияда ресейлік әуе-ғарыш күштерінің соққылар жасап жатқанына байланысты Еуропа одағында Ресейге жаңа санкцияларды салу мәселесінің қаралуы мүмкін екендігін хабарлап еді. "Жоқ, бұл талқыланбайды, мүлдем", - деді Еуроодақ өкілі.
Ал осы арада АҚШ президенті Барак Обама құрама штаттардың сириялық қақтығысты Ресей мен АҚШ-тың "жанама соғысы" қылмайтынын мәлімдеді. Ол мұның нашар стратегия екенін және АҚШ-тың Сириядағы саяси трансформациясында Путинмен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Ресейдің әскери әуе күштері 30 қыркүйекте Сирияда бірінші әуе соққысын жасаған болатын. Әуе соққысы Хомс қаласының маңында жасалды, бұл аймақты үкіметтік әскердің бақылауға алғаны белгілі. Бұл өңірде ДАИШ содырлары, сонымен қатар, оппозициялық әскери құрылымдар орналасқан.