17 тамыз 2021 10:12

Еуропа Ауғанстаннан келетін босқындар ағынына дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/antonioguterres Фото: instagram.com/antonioguterres

БҰҰ бас хатшысы барлық елді Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдауға және оларды депортацияламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews порталына сілтеме жасап. 


БҰҰ бас хатшысы барлық елді Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдауға және оларды депортацияламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews порталына сілтеме жасап. 

Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Ауғанстанда инклюзивті үкімет құру қажет екенін мәлімдеді және "Талибан" қозғалысы мен қақтығыстың басқа тараптарын барынша ұстамдылыққа және халықтың құқықтары мен бостандығын сақтауға шақырды.

"Мен болашақты ойлай отырып, зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға, барлық ауғандықтың құқықтарын сақтауға және Ауғанстан қатысатын халықаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Алда шешуші күндер болады. Әлем бізге қарап отыр. Ауған халқын бәлеге ұшыратып қалдыра алмаймыз, көмектесуіміз керек", - деді Гуттериш.

Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы жағдайды ең алдымен жергілікті тұрғындар үшін, сонымен қатар Батыс үшін "ащы, драмалық және қорқынышты" деп атады.

Меркель Ауғанстандағы жағдайға "біз және мен де жауапкершілік аламыз" деді, және жағдайдың неге ұласары дұрыс бағаланбағанын атап өтті.

"Енді "Әл-Каида" бұдан былай 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегідей Америка Құрама Штаттарына Ауғанстаннан шабуыл жасай алмайтыны анық, осыдан кейінгі барлық нәрсе сәтсіз болды және қажетті нәтижеге қол жеткізілген жоқ", - деді Меркель.

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Ауғанстандағы жағдайды шешу үшін Ресей, АҚШ және ЕО арасындағы ынтымақтастыққа белсенді жәрдемдесуге дайын екенін, сондай-ақ, ЕО елдерімен бірлесіп босқындарға көмек бағдарламасын әзірлейтінін айтты.

"Ауғанстан террористер үшін тағы да пана болмауы керек. Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздануы Еуропаға адамдардың ретсіз ағылуына әкелуі мүмкін. Осыған алдын-ала дайындалу үшін біз Германиямен және басқа да еуропалық мемлекеттермен бірге келісілген және біртұтас жауап әзірлеу туралы бастама көтереміз", - деді Макрон.

Сонымен қатар, көптеген шет мемлекет Ауғанстаннан өз азаматтарын эвакуациялау туралы шешім шығарды. Алайда туындаған хаостан Кабул әуежайының жұмысы уақытша тоқтап тұр.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ауғанстаннан босқындарды қабылдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты. 

Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты кеңес өткізген болатын. Бірінші күні Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді тапсырғанын айтты. Ал екінші күні Президент бейінді ведомстволарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды, бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети