Еуропа елдері коронавирустың өршуіне байланысты шекараларды қайтадан жабады

viewings icon 960 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Коронавирус инфекциясының өршуіне және науқастардың санының өсуіне байланысты Еуропалық одақ елдері шекараларын қайтадан жаба бастады. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус инфекциясының өршуіне және науқастардың санының өсуіне байланысты Еуропалық одақ елдері шекараларын қайтадан жаба бастады. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Еуроодақ елдері наурызда туристер үшін, соның ішінде, ЕО елдеріндегі азаматтар үшін де шекараны жапқан болатын. 

Венгрияда сейсенбіден бастап барлық шетелдік азаматқа кіруге тыйым салынды. Данияда сәуірден бері шетелдік туристердің келуіне шек қойылған. Финляндия елге кіретін адамдарға бақылау жүргізуді қайтадан қолға алды, оның ішінде, Испания мен Франция да бар.  

"Шекараны жабу вируспен күресудегі тиімді жолдардың бірі болуы мүмкін. Бірақ бұған ел арасында еркін жүріп-тұратын одақ елдері алаңдаулы. Ұлттық үкіметтер өздерінің ұлттық мүдделері үшін қайтадан әрекет ете бастады", - делінген телеарна сюжетінде. 

Соңғы уақыттары Еуропа елдерінде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғая бастаған. 

Мысалы Ұлыбританияда 3 қыркүйекте бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандардың саны 1735-ке жеткен, бұл мамыр айынан бергі рекордтық көрсеткіш. Чехияда 3 қыркүйекте 680 адам, Данияда 179 адам, Түркияда бір жарым мыңнан аса адам анықталған. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 4 қыркүйекте дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 344 473-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны - 869 569. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
18°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю