Латвия президенті Андрис Берзиньш осы аптада Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдататыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Блумберг агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, жақында енгізілетін нақты санкциялар жасақ құрамындағы бірнеше украин мен ресейлікке қатысты болады.

Латвия президентінің сөзіне қарағанда, Еуропа одағы бұл аптада санкция тізімін кеңейтеді. "Бұл өте күрделі процесс болады. Менің ойымша бірнеше нақты санкция енгізіледі, бірақ ол жалпы санкция емес", - деді ол. Берзиньштің мәлімдемесіне қарағанда, бұл жағдай Еуропа одағына мүше елдердің сыртқы істер министрліктері басшыларының кеңесінде қаралады. Айтуынша, кеңес нәтижесінде ортақ шешім қабылдануы тиіс.
Еуропа одағына мүше елдердің СІМ басшыларының Украинаға қатысты жоспардан тыс отырысы бейсенбі күні өтеді деп хабарланған болатын. АҚШ Еуропа одағы сияқты ресейлік саясаткерлер мен кәсіпкерлерге қарсы санкция енгізді. Батыс елдері наурыз айынан бері бірнеше рет Ресейдің Украинаға қатысты позициясына байланысты ресейлік саясаткерлер мен кәсіпкерлерге және компанияларға қарсы санкцияларды енгізген болатын.
Айта кетейік, соңғы рет бұл тәжірибені қолдануға желтоқсан айындағы шектеулер себеп болды, ол кезде АҚШ президенті Қырым экономикасын оқшаулау туралы мәлімдеп, санкция тізіміне Қырым мен Украинаның шығысынан шыққан бірнеше атақты қайраткер ілікті.