Еуропа Ресейдің халықаралық құқықты бұзуына жол бермейді - Меркель

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа Ресейдің халықаралық құқықты бұзуына жол бермейді - Меркель Ангела Меркель. ©REUTERS

Еуропа Ресейдің украин дағдарысына қатысты халықаралық құқықты бұзуына жол бермейді. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель өзінің жаңажылдық құттықтауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа Ресейдің украин дағдарысына қатысты халықаралық құқықты бұзуына жол бермейді. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель өзінің жаңажылдық құттықтауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі НТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Ангела Меркель Еуропаның Ресеймен бірге қауіпсіздік жүйесін жасауға тырысатынын және оны Мәскеуге қарсы қоюға мүдделі емес екенін айтты. Мұнымен қатар, канцлер "Еуроодақтың халықаралық норманы бұзатын күштінің құқығының болуын қабылдамағанын және қабылдамайтынын" атап өтті. 

"Еуропа украин дағдарысы жағдайында Ресейдің халықаралық құқықты елемей қоюына жол бермейді. Еуропаның бірлігі қара бастың қамын ойлау емес, бірақ бұл Украинадағы дағдарысты өткерудің кілті", - деді Меркель.

Меркельдің айтуынша, "Еуроодақ әлемдік тәртіп пен құндылыққа деген көзқарасын қорғау үшін бірыңғай майданда әрекет етеді". 

Осыған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президенті Владимир Путиннің Ангела Меркельді Рождествомен және Жаңа жылмен құттықтағанын хабарлаған еді. Жаңажылдық құттықтауында Путин Ресей мен Германияның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде конструктив диалог пен әріптестік қарым-қатынасты қуатты ете түсу үшін осы жылы да бірлескен белсенді жұмыстың жалғасатынына сенім білдірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети