АҚШ Еуропаның Ресейлік газға тәуелділігін жою үшін Еуропалық Одаққа 15 миллиард текше метр сұйытылған табиғи газ (СТГ) жеткізеді. Тараптар тиісті келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

"Өздеріңіз білетіндей, біз ресейлік газға тәуелділікті азайтуға және одан арылуға ұмтылудамыз. Бұған бірінші кезекте жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу, сондай-ақ қосымша газ жеткізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан біз еуропалықтар ретінде Ресейден жеткізілімдерді өзімізге сенетін жеткізушілерге ауыстырғымыз келеді", - деді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен..
"АҚШ осы айдың басында Еуроодақтың ресейлік газға тәуелділігін мүмкіндігінше тезірек азайтуға міндеттеме алған амбициялық мәлімдемесін құптады. Бүгін біз қауіпсіз, таза энергияға жету жолындағы ілгерілеуімізді жеделдете отырып, осы мақсатқа жету үшін бірлескен іс-қимыл жоспарын келістік", - деді АҚШ президенті Джо Байден.
Еурокомиссия биылғы жылы ресейлік газ импортын үштен екіге азайтып, 2030 жылға қарай одан толық бас тартуды жоспарлап отырғаны хабарланды. Қазір Еуропаның газ қажеттілігінің 40 пайызын Ресей қамтамасыз етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!