Фото thenews.kz сайтынан
Кеше Бельгияда өткен Еуропалық одақ саммитінде Еурокомиссияға Ресейге қатысты қосымша санкцияларды даярлау міндеті жүктелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Франция президенті Франсуа Олланд атап көрсеткендей, санкция салынған ресейлік азаматтардың тізімі 33 адамға ұлғайтылды. Еуропалық одақ елдерінің басшылары маусымның 3-і күні Ресейдің Сочи қаласында өтетін "Ресей-Еуропалық одақ" саммитіне қатыспауға шешім қабылдады. Сондай-ақ алдағы уақытта Еуропаның энергия импортына деген тәуелділік көрсеткішін азайту жоспары даярланатын болды. "Еуропалық одақ басшылары Еврокомиссияға Ресейге қатысты қосымша санкцияларды даярлауға тапсырма берді. Украина мәселесі шиеленісіп кетсе, оның барлығы күшіне енеді", - деп атап көрсетті Ф.Олланд. Айта кеткен жөн, бүгінде Еуропалық одақ Ресейге қатысты экономикалық санкция салу жағынан түбегейлі шара қолдануға тартынып отыр. Себебі екіжақты тауар айналымы қыруар қаржыны құрайды. Оған қоса, газ сияқты энергия көздерінің басым бөлігі Ресейден жеткізіледі. Қытаймен өзара қарым-қатынас та осы мемлекеттің көлік жүйесі арқылы жүргізіледі.
Кеше Бельгияда өткен Еуропалық одақ саммитінде Еурокомиссияға Ресейге қатысты қосымша санкцияларды даярлау міндеті жүктелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Франция президенті Франсуа Олланд атап көрсеткендей, санкция салынған ресейлік азаматтардың тізімі 33 адамға ұлғайтылды. Еуропалық одақ елдерінің басшылары маусымның 3-і күні Ресейдің Сочи қаласында өтетін "Ресей-Еуропалық одақ" саммитіне қатыспауға шешім қабылдады. Сондай-ақ алдағы уақытта Еуропаның энергия импортына деген тәуелділік көрсеткішін азайту жоспары даярланатын болды. "Еуропалық одақ басшылары Еврокомиссияға Ресейге қатысты қосымша санкцияларды даярлауға тапсырма берді. Украина мәселесі шиеленісіп кетсе, оның барлығы күшіне енеді", - деп атап көрсетті Ф.Олланд.
Айта кеткен жөн, бүгінде Еуропалық одақ Ресейге қатысты экономикалық санкция салу жағынан түбегейлі шара қолдануға тартынып отыр. Себебі екіжақты тауар айналымы қыруар қаржыны құрайды. Оған қоса, газ сияқты энергия көздерінің басым бөлігі Ресейден жеткізіледі. Қытаймен өзара қарым-қатынас та осы мемлекеттің көлік жүйесі арқылы жүргізіледі.