Еуропада COVID-19 құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада COVID-19 құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады Фото: Elements.envato.com

Бүгін, 24 наурызда Еуропаның 200 қаласында пандемия құрбандарын еске алу үшін акция өтеді. Жалпыеуропалық үнсіздік минуты түске жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 24 наурызда Еуропаның 200 қаласында пандемия құрбандарын еске алу үшін акция өтеді. Жалпыеуропалық үнсіздік минуты түске жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com басылымына сілтеме жасап.

Акция ұйымдастырушысы - Eurocities еуропалық қалалар қауымдастығы. 

Әлемнің көптеген елінде өздерінің ұлттық еске алу шаралары өтіп кетті. Мысалы, Италия, Испания, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Швейцарияда.

Бірақ сәрсенбіге жоспарланған бір минуттық үнсіздік Еуропаның және бүкіл әлемнің жақынынан айырылған адамдарын біріктіруі керек. Eurocities қауымдастығының президенті әрі Флоренция қаласының мэрі Дарио Нарделла үнсіздіктің бұл сәті тек қайтыс болғандарға және олар туралы естеліктерге арналады және оны айыптаулар мен саяси ұрандарға айналдырмау керегін атап өтті. 

Еске салайық, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны төртінші апта қатарынан өсіп жатыр, ақпанның аяғынан бастап, осы аптаға дейін 3,3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді. Тағы 60 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети