Еуропада COVID-ке қатысты жаңа шектеулерге қарсы наразылықтар басталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада COVID-ке қатысты жаңа шектеулерге қарсы наразылықтар басталды

Бірқатар Еуропа елдері коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірқатар Еуропа елдері коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бельгия полициясы Брюссельде наразылыққа шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданды, олар полицияға жауап ретінде тас пен түтін бомбаларын лақтырды. Қала билігі мақұлдаған акция Бельгия астанасының Солтүстік вокзалынан басталды. Жергілікті полицияның мәліметінше, Брюссель көшелеріне 35 мыңға жуық демонстрант шықты.

Австрияда 40 000-ға жуық адам карантинге қарсылық білдіру үшін Вена көшелеріне шықты. 22 қарашадан бастап елде 20 күнге бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды, қоғамдық тамақтану орындары мен аса қажет емес заттарды сататын дүкендер жұмысын тоқтатты. Венадағы шеру кезінде бірнеше адам ұсталды.

Италияда наразылық шерулері бірнеше айдан бері жалғасып келе жатыр. Үш мыңға жуық адам Рим көшелеріне шығып, COVID шектеулерін алып тастауды талап етті.

Нидерланды қалаларында COVID-19 шектеулеріне наразылық білдірген жастар қала көшелеріне от қойып, полицейлерге тас лақтырған. Наразылықтар Нидерландының Леуварден, Гронинген, Эншеде және Тилбург сияқты басқа қалаларында да болды. Ел бойынша 40-қа жуық адам қамауға алынды.

Францияның Гваделупа аумағында коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық кезінде қарулы адамдар полиция мен өрт сөндірушілерге оқ жаудырды.

©REUTERS

Өңірде өртті сөндіруге тырысқан полиция мен өрт сөндірушілерге оқ атылды. Төрт дәріханаға басып кіріп, наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерінің араласуына жол бермеу үшін баррикадалар орнатқаны хабарланды.

Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин бұл аумаққа Францияның ұлттық жандармериялық араласу тобының (GIGN) 50-ге жуық мүшесін жіберетінін хабарлады.

Наразылықтар Швейцария, Хорватия, Италия, Солтүстік Ирландияда да өтті. Акцияға әртүрлі қалаларда ондаған мыңға жуық адам қатысты.

Бұған дейін Голландияның Роттердам қаласында COVID-19-ға байланысты шектеу шараларына қарсы наразылықтар нәтижесінде оқтан үш адам жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети