Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Еуропада қазақстандықтарға Чехия мен Ұлыбритания мекендеу қағазын көп берген

30 Қазан 2014, 11:03
0
Чехия астанасы Прагадағы Карлов көпірі. ©REUTERS
Чехия астанасы Прагадағы Карлов көпірі. ©REUTERS

Еуропалық елдердің ішінде қазақстандықтарға мекендеу қағазын Чехия мен Ұлыбритания көп берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Евростат еуропалық сатистикалық агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап. Ұйымның мәліметі бойынша, 2013 жылы мекендеу қағазы Чехияда 1971, ал Ұлыбриятанияда 1416 адамға берілген.

Мұнымен қатар, осындай құжатты Польшада 843, Италияда 735 адам алған. Сонымен бірге, қазақстандықтарға жүзден астам мекендеу қағазын Венгрия, Бельгия, Нидерланды елдері беріпті. Осы елдердің ішінде 2013 жылы ең көп құжат берген - Испания (356), ең аз бергені - Венгрия (113). 

Айта кетейік, Евростат Швейцария бойынша 2012 жылдың мәліметін ұсынды. Онда осы уақытта мекендеу қағазын 112 адам алған. Бұл елде 2003 жылдан бері жыл сайын 5-тен 14-ке дейін қазақстандық азаматтық алады екен. 2012 жылы Қазақстанның 14 азаматы швейцарлық атанды, 2011 жылы - 11, ал 2010 жылы - 12. Қазақстандықтар Еуропа елдерінің ішінде Германияның азаматтығын алғысы келеді. 2012 жылдың өзінде 2317 адам неміс азаматтығын алды. 

Ұйым қазақстандық босқындар туралы мәліметпен бөлісті. 2013 жылы Еуропалық одақ елдерінен 565 адам баспана алған. Мұнымен бірге, Швейцария 10 қазақстандық босқынды қабылдады, ал Норвегия - 25. Айта кетейік, ЕО елдерінде мекендеу қағазын одаққа кіретін елде бес жылдан астам уақыт тұрған адам ғана өтініш жазып ала алады. Ең аз мерзімді мекендеу қағазын алуға келсек, Германия мен Ұлыбритания елдері алдыңғы орында. Германияда мекендеу визасын 2013 жылы 41 322 адам алған. Чехияда мұндай құжат 5125 адамда, ал Ұлыбританияда 4924 ҚР азаматында бар. Мұның ішінде 3277 адам білім алу үшін мекендеу қағазын алыпты. Білім алу бойынша ең көп мекендеу қағазын қазақстандықтар Чехиядан алған. 2013 жылы онда 1604 қазақстандық оқыған. Үшінші орында - Германия. Бұл елде 2013 жылы 666 қазақстандық оқыды. Ал ең көп визаны қазақстандықтар Ұлыбритания (1857) мен Германияға (1361) алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай