Еуропада ірі марихуана плантациясы анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада ірі марихуана плантациясы анықталды

Испанияның Толедо қаласында азаматтық гвардия офицерлері Еуропа тарихындағы ең ірі қарасора плантациясын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияның Толедо қаласында азаматтық гвардия офицерлері Еуропа тарихындағы ең ірі қарасора плантациясын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible сайтына сілтеме жасап.

Толедодағы Хуерта-де-Вальдекарабанос плантациясының аумағы 120 мың шаршы метр болады, ал бұл 16-дан астам футбол алаңына сай келуі мүмкін. Қарасора өнеркәсіптік мақсатта өсірілген.

Полиция 135 мың марихуана өсімдігін тәркілеген, бұл - Еуропадағы операция кезінде тәркіленген айтарлықтай ірі көлем. Олар жақын маңдағы қоймалардан 30 тонна кептірілген марихуана мен 3720 келі қарасора тапты. Мадридтің бас әуежайында полиция тағы 112 келі марихуана тәркіледі.

"Плантация орналасқан ферма 12 гектар аумақта жатыр және тәулік бойы бақылауда болды. Өндірісті ұлғайту үшін жақын жерде марихуана өсіруге арналған материал қойылған екі қойма бар. Сондай-ақ, жабық күзет жүйесі мен камералары бар кептіру алаңы болды",- деді Испания азаматтық гвардиясының өкілі.

Шенеуніктер қарасораны заңсыз өсірді деген күдікпен үш адам ұсталғанын айтты. Тексеріс Испанияда есірткі заңсыз айналымының ауқымы туралы алаңдаушылық артып келе жатқанын атап өтті.

"Географиялық орналасуына байланысты Испания Мароккодан гашиш, Латын Америкасынан кокаин қабылдайды. Сонымен қатар, марихуананы ірі көлемде өндіреді", - деді азаматтық гвардия полициясы басшыларының бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети