©Reuters
Эфиопиядан Италияға ұшқан жолаушылар ұшағын басып алған адам пилоттардың бірі болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. Ethiopian Airlines компаниясының Аддис-Абебадан Римді бетке алған лайнерін екінші пилот басып алған. Ол ұшақты құлатып, жойып жібергісі келген. Жолаушылардың бірі - италиялық Франческо Куомоның айтуынша, түн ортасында пилоттардың бірі әуе кемесі командирінің кабинасын іштен жауып алған. Командир есікті ашуды талап етіп, сыртқа шығуға әрекеттенген. "Біз динамика арқылы бұрмаланған ағылшын тіліндегі хабарламаны естідік. Бірақ мағынасын түсіндік. Ол ұшақты құлату туралы хабар болды. Содан кейін кабинадан шу мен соққы естілді, салонда оттегі толтырылған бетперделер пайда болды. Сәлден соң жағдай қалпына келді, бірақ бәрі қатты үрейленген еді", - дейді жолаушы Ansa ақпарат агенттігіне берген сұхбатында. Авиалайнер экипажы ұшақтың басып алынғаны туралы дабыл қаққан. Ұшақ Суданның үстінде болғанда бағытынан ауытқи бастайды. Қауіп туралы дабылды алғаш болып, Мысыр авиадиспетчерлері қабылдайды. Boeing 767-300 әскери ұшақтардың жетегімен жергілікті уақыт бойынша 06.10-да (Астана уақыты бойынша 11.10) Женева әуежайына қондырылды. Ұшақты айдап әкеткен адам экипаждың 1983 жылы туған мүшесі болып шықты. Эфиопияның азаматы полицияға бірден беріліп, Швейцариядан саяси пана сұраған. Женева прокуратурасының мәліметінше, ол лаңкестік әрекеті үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, басып алынған әуе көлігін Италия аспанында осы елдің Қарулы күштерінің екі жойғыш ұшағы жетекке алып, Францияның әуе кеңістігіне дейін шығарып салған. Одан ары қарай франциялық әскери ұшақтар еріп жүрген. Женевада ұшақтан барлық жолаушы аман-есен шығарылды. Италия әуе күштерінің мәліметінше, бортта 193 жолаушы болған, олардың 138-і - Италия азаматтары. Ethiopian Airlines компаниясының Римдегі кеңсесінің өкілдері әзірше қалған жолаушылардың азаматтығына қатысты мәлімет жоқ екенін хабарлады.
Эфиопиядан Италияға ұшқан жолаушылар ұшағын басып алған адам пилоттардың бірі болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
Ethiopian Airlines компаниясының Аддис-Абебадан Римді бетке алған лайнерін екінші пилот басып алған. Ол ұшақты құлатып, жойып жібергісі келген. Жолаушылардың бірі - италиялық Франческо Куомоның айтуынша, түн ортасында пилоттардың бірі әуе кемесі командирінің кабинасын іштен жауып алған. Командир есікті ашуды талап етіп, сыртқа шығуға әрекеттенген. "Біз динамика арқылы бұрмаланған ағылшын тіліндегі хабарламаны естідік. Бірақ мағынасын түсіндік. Ол ұшақты құлату туралы хабар болды. Содан кейін кабинадан шу мен соққы естілді, салонда оттегі толтырылған бетперделер пайда болды. Сәлден соң жағдай қалпына келді, бірақ бәрі қатты үрейленген еді", - дейді жолаушы Ansa ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Авиалайнер экипажы ұшақтың басып алынғаны туралы дабыл қаққан. Ұшақ Суданның үстінде болғанда бағытынан ауытқи бастайды. Қауіп туралы дабылды алғаш болып, Мысыр авиадиспетчерлері қабылдайды. Boeing 767-300 әскери ұшақтардың жетегімен жергілікті уақыт бойынша 06.10-да (Астана уақыты бойынша 11.10) Женева әуежайына қондырылды. Ұшақты айдап әкеткен адам экипаждың 1983 жылы туған мүшесі болып шықты. Эфиопияның азаматы полицияға бірден беріліп, Швейцариядан саяси пана сұраған. Женева прокуратурасының мәліметінше, ол лаңкестік әрекеті үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, басып алынған әуе көлігін Италия аспанында осы елдің Қарулы күштерінің екі жойғыш ұшағы жетекке алып, Францияның әуе кеңістігіне дейін шығарып салған. Одан ары қарай франциялық әскери ұшақтар еріп жүрген.
Женевада ұшақтан барлық жолаушы аман-есен шығарылды. Италия әуе күштерінің мәліметінше, бортта 193 жолаушы болған, олардың 138-і - Италия азаматтары. Ethiopian Airlines компаниясының Римдегі кеңсесінің өкілдері әзірше қалған жолаушылардың азаматтығына қатысты мәлімет жоқ екенін хабарлады.