Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шықты Фото: anna-news.info

Запорожье атом электр станциясы аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Запорожье атом электр станциясы аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Энергодар қаласындағы Запорожье атом электр станциясындағы өртке ресейлік әскердің шабуылы себеп болғанын мәлімдеді.

"Ресей армиясы Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы Запорожье атом электр станциясын жан-жақтан атқылап жатыр. Өрт қазірдің өзінде тұтанып үлгерді. Егер ол жарылса, Чернобыльдан 10 есе жойқын болады. Ресей тез арада атысты тоқтатуы керек, өрт сөндірушілерге қауіпсіздік орнатуға мүмікіндік керек", - деді Украина сыртқы істер министрі.

Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов жұмаға қараған түні жақын маңдағы Запорожье атом электр станциясының ғимараттары мен блоктары үздіксіз шабуылға ұшырап, салдарынан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шыққанын мәлімдеді.

Украиналық БАҚ Запорожье атом электр станциясының бақылау камерасынан станциядағы ғимараттардан түтін шығып жатқанын көрсететін кадрларды жариялады.

"Энергоатом" мемлекеттік кәсіпорны ЗАЭС-тегі апат бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін деп мәлімдейді.

Мәліметтерге сәйкес, шабуылдар салдарынан өртсөндірушілер өртті сөндіруге кірісе алмаған. Кейбір мәлімет бойынша, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірінші энергоблокта апат болған, алайда АЭС жұмысшыларының айтуынша, одан ядролық отын шығарылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети