05 қаңтар 2017 | 12:53

Еуропаға ДАИШ-тың 400 лаңкесі босқын болып кірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Русская Планета © Русская Планета

Еуропаға Сириядан ДАИШ лаңкестері, соның ішінде террорлық топтың басшылары, албаниялық жиһадшы Лавдрим Мухаджери (Әбу Абдулла аль-Косова) босқын болып өтіп кеткен. Бұл туралы РИА Новости Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Еуропаға Сириядан ДАИШ лаңкестері, соның ішінде террорлық топтың басшылары, албаниялық жиһадшы Лавдрим Мухаджери (Әбу Абдулла аль-Косова) босқын болып өтіп кеткен. Бұл туралы РИА Новости Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөздің мәліметінше, лаңкестердің көздегені Косоводағы бірнеше мемлекеттік мекемелер мен сербиялық шіркеулерге шабуыл жасауды көздеп отыр деп болжанған. 

2016 жылдың қарашасында Косово мен Албанияда террорлық шабуыл жасауды әзірлеп, ДАИШ-пен байланыста болған 19 адам ұсталған. Олар 12 қарашада өткен Албания - Израиль құрамалары арасында футболдан матч кезінде лаңкестік жасамақшы болған. Осы істің барлығын Лавдрим Мухаджери басқарып отырған. 

Сонымен қатар, италиялық арнайы қызметтердің мәліметінше, Еуропа мен Балқанға жиһадшылар көптеп келіп жатқан көрінеді. Олардың біразы арнайы қызметтер назарына түсіп, ұсталып жатады, алайда көбі шекарадан заңсыз өтіп кетеді екен. 

Босқындардың жеке басын анықтау мәселесі өте қиын, себебі көбісі өз елінде жарылыстар кезінде құжаттарын жоғалтып алғанын айтады. Босқындар арасында бірнеше рет әр түрлі киім киіп, шашын қысқартып, көзілдірік киіп екі-үш мәрте жәрдемақы алатын алаяқтар көбейіп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети