13 желтоқсан 2022 12:12

Еуропарламент кеңселерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша тінтулер жүргізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ева Кайли. Фото:instagram.com/evakaili Ева Кайли. Фото:instagram.com/evakaili

Бельгиялық тергеушілер Қатардан пара алды деген болжамды тергеу аясында Брюссельдегі Еуропарламент кеңсесіне тінту жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.


Бельгиялық тергеушілер Қатардан пара алды деген болжамды тергеу аясында Брюссельдегі Еуропарламент кеңсесіне тінту жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Бельгия прокуратурасының мәліметі бойынша, бұл кейінгі төрт күнде сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу шеңберінде жүргізілген 20-тінту болды. Бұл іске Еуропарламент басшысының орынбасары Ева Кайлидің қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылған.

Тінту мақсаты - деректерді алу, делінген Бельгия прокуратурасының мәлімдемесінде. Сонымен қатар, тергеушілер жеке үйлерде тінту жүргізіп, бірнеше жүз мың еуро тәркілеген.

Тергеу Қатар шенеуніктері саяси пікірталасқа ықпал ету үшін еуропалық саясаткерлерге орасан зор пара берді деген айыптарға қатысты. Қатар кез келген заңсыздықты жоққа шығарды.

ЕО-да саясаткерге қатысты қылмыс жасады немесе шындықты жасыруға тырысты деген күдік болған кезде депутаттық иммунитет күшін жоғалтады.

Еске салайық, Еуропалық парламенттің вице-президенті Ева Кайли және тағы бес адам Брюссельде ұсталғаны хабарланған болатын. Бұған Бельгия прокуратурасының қазір өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының иесі Қатар "Еуропарламенттің шешімдеріне қомақты ақша мен сыйлықтар арқылы әсер етуге тырысты" деген күдігі негіз болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети