Эйнштейннің қолжазбасы Париж аукционында сатылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Физик Альберт Эйнштейннің қолжазбасы Париж аукционында рекордтық сомаға сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Физик Альберт Эйнштейннің қолжазбасы Париж аукционында рекордтық сомаға сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Christieʼs аукцион үйі Эйнштейн мен Мишель Бессоның жалпы салыстырмалық теориясының соңғы нұсқасына апаратын кейбір қадамдарды сипаттайтын қолжазбасын аукционға қойды.

©REUTERS

Нәтижесінде, түпкілікті сату бағасы сараптамалық бағадан жоғары болды, яғни рекордтық 13 миллион долларды құрады. Бұл марқұм ғалымның қолжазбасы үшін төленген ең жоғары сома екендігі айтылды.

"Бұл, сөзсіз, аукционға қойылған Эйнштейннің ең құнды қолжазбасы. Эйнштейннің 1919 жылға дейінгі ғылыми құжаттары өте сирек кездеседі", - деді Christieʼs, құжаттардың бастапқы бағасы 2,4-3,5 миллион доллар болған.

54 беттік қолжазбада жалпы салыстырмалық теориясына негіз болған гравитациялық өріс теңдеулерінің ертедегі нұсқасы бар делінген. Құжатты 1913 және 1914 жылдары Швейцарияның Цюрих қаласында Эйнштейн мен швейцариялық инженер Мишель Бессо жазған. Құжаттағы есептеулер Меркурий орбитасындағы аномалияны түсіндіруге арналған, ал қолжазбадағы есептеулер Эйнштейннің теориясы ғалымдарды көптен бері таңғалдырған құбылысты түсіндіре алатындығын көрсетуге бағытталған.

©REUTERS

Christie's айтуынша, қолжазбада көптеген қателер бар оны Эйнштейн өзі жазған. Алайда Бессо құжатты қателеріне қарамай сақтап қалған. Christie's құжаттың сақталуын "ғажайып оқиғаға" балады, өйткені Эйнштейн қарапайым жұмыс дәптерін сақтамайтын еді.

Эйнштейн 1955 жылы 76 жасында қайтыс болды. Ол ең ұлы теориялық физиктердің бірі. Оның салыстырмалылық теориясы кеңістіктегі және уақыттағы заттардың қозғалысын қараудың жаңа әдістерін енгізу арқылы физикада төңкеріс жасады. 1921 жылы Эйнштейн физика бойынша Нобель сыйлығын алды.

Альберт Эйнштейннің E = mc2 теңдеуі бар бұрынғы қолжазба хаты Бостондағы RR аукционында 1,2 миллион доллардан астам бағаға сатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro