Facebook, Instagram, сондай-ақ WhatsApp желілерін пайдаланушылар қызметтердің істен шыққанына тағы да шағымданды. Бұған танымал интернет-ресурстардың істен шығуы мен өшірілуін қадағалайтын Downdetector сайтының деректері дәлел бола алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порталдың мәліметінше, Facebook жұмысына шағымдар Нұр-Сұлтан уақытымен жұмадан сенбіге қараған түні түсе бастаған. Шағымдар АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Италиядан көп түскен, сонымен қатар Ресейде де желілер істен шыққаны айтылады.
Instagram-дағы проблемалар туралы АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Нидерландыдан, сондай-ақ Канада, Италия, Ирландия, Испания, Франция, Ресейден хабарлады.
Бұл елдер Facebook-тің ресми сайтының жұмысына шағымданды, қосымшалар мен есептік жазбаларға кіру мүмкін болмады. Instagram-да серверге қосылу кезінде ақаулар болды, жаңалықтар лентасы дұрыс ашылмады.
Facebook әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы білетінін айтып, кешірім сұрады.
"Біз кейбір қолданушыларда біздің қосымшаларға кіргенде проблемалар барын білеміз. Біз осы мәселені мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз және қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген Facebook-тің Twitter-дегі хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!