Facebook жасөспірім қолданушыларды жасырын зерттегені үшін сынға ұшырады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 481

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Facebook әлеуметтік желілердің жасөспірім қолданушыларға әсерін зерттеген ішкі зерттеу нәтижелерін жасырғаны үшін сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Facebook әлеуметтік желілердің жасөспірім қолданушыларға әсерін зерттеген ішкі зерттеу нәтижелерін жасырғаны үшін сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

2019-2021 жылдары Facebook Instagram әлеуметтік желісіндегі жасөспірімдер аудиториясы арасында ішкі зерттеулер жүргізіп, әлеуметтік желі жасөспірімдердің, әсіресе қыздардың психикалық денсаулығына зиян тигізетінін анықтады. Facebook-тің топ-менеджерлері мен Марк Цукерберг көрген осы зерттеу нәтижелері жұртшылықтан жасырылған.

"Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығына терең ену" деп аталатын зерттеу нәтижелері бар бес презентация журналистердің қолына түсті.

АҚШ пен Ұлыбританиядағы Instagram аудиториясына сауалнама жүргізу арқылы зерттеу жүргізген сарапшылар, әлеуметтік желі өзін-өзі бағалау проблемаларын күшейтетінін және кейбіреулерде суицид жасау ойларын туғызатынын анықтаған.

Олардың айтуынша, бұған әлеуметтік желілердегі өңделген, әдемі, мінсіз суреттер әсер етеді, Instagram "жарқын өмір салтына" көп көңіл бөледі, ал TikTok өнімділікке назар аударады.

Қыздар арасында 32 пайызы Instagram-ға қарап өз дене бітімдерінен ұялатынын  айтты. Зерттеуге қатысушы жігіттердің 14 пайызы өзін дұрыс бағаламайды. Сауалнамалардың бірінде қатысушылардың 40 пайыздан астамы Instagram-ның әсерінен өздерін тартымсыз санайтынын айтты. Кейбір жасөспірімдер әлеуметтік желіні тәуелділікті қоздырды деп айыптады. 

Facebook зерттеу нәтижелерін қоғаммен де, билікпен де бөліскісі келмеді, сонымен қатар Instagram әсерінің жағымсыз жақтарын көпшілік алдында бағаламады. Биыл тамызда сенаторлар Ричард Блументаль мен Марша Блэкберн Facebook-тен жасөспірімдер туралы зерттеу нәтижелерін көрсетуді сұрады, бірақ компания мұндай деректерді құпия ұстайтынын айтты.

АҚШ заң шығарушылары Facebook-ті әлеуметтік медианың жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсері және компанияның осы мәселелерді шеше алмағаны үшін қатты сынға алды.

Ата-аналар Facebook пен оның бас директоры Марк Цукерберг Instagram-ның зиян екенін дәлелдейтін дәлелдер бола тұра әрекет жасамағанына реніштерін білдірді.

Facebook бұл жағдайға әлі түсінік берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю