Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Прентис Робинсон өз өлімін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Wsoctv. Оқиға Вингейт университет қалашығында болған.
Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Прентис Робинсон өз өлімін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Wsoctv. Оқиға Вингейт университет қалашығында болған.
Ер адам Facebook желісінде онлайн-трансляция жүргізіп келе жатқан. Кадрлардан оның көшеде жүргенін көруге болады. Осы кезде оған белгісіз біреу жақындайды, Робинсон тікелей эфир жүргізіп келе жатқанын айтады, ал ер адам тапаншасын шығарып, оған төрт рет оқ атады.
Қала полициясының шефі Донни Гейдің айтуынша, оқиға алдында Робинсон телефонының ұрланғанын хабарлау үшін полицияға барған. Робинсон өз туған күнінда қаза тауыпты. Полицейлер адам өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын Дуглас Колсонды ұстаған, одан жауап алынып жатыр.