АҚШ-тың федералды тергеу бюросы Хиллари Клинтонның қызметтік хат алмасуына қатысты тергеуін қайта жандандырады, - деп хабарлайды Reuters.
АҚШ-тың федералды тергеу бюросы Хиллари Клинтонның қызметтік хат алмасуына қатысты тергеуін қайта жандандырады, - деп хабарлайды Reuters.
ФТБ директоры Джеймс Комидың айтуынша, істе жаңа материалдар пайда болып, бюро Клинтонның жеке хаттарының тағы біразын қарауға алады. Әзірге материалдардың маңыздылығы мен тергеу қанша жалғасатыны белгісіз.
2015 жылдың наурыз айында Клинтон жеке электронды жәшігі арқылы хабар алмасқан. Кейін саясаткер ФБР-ге хаттарды тапсырғанымен, жеке сипатта болған деп 30 мыңға жуығын жойып жіберген.
Тергеу қорытындысы бойынша АҚШ-тың бас прокуроры Лоретта Линч Клинтонға қарсы айып тағудан бас тартты, ал ФБР басшысы ақпаратты қажетті қорғауға қоймау мен мемлекетке сатқындық жасау әрекеті табылмағанын жеткізген.
Қазіргі кезде Клинтон Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер. Оның қарсыласы республикашыл Дональд Трамп телевизиялық дебат барысында билікке келген жағдайда Клинтонды түрмеге жабатынын айтқан.