Femen белсенділері Киевтің Печерский монастырында Путинге қарсы қанды Ice Bucket Challenge акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Femen белсенділері Киевтің Печерский монастырында Путинге қарсы қанды Ice Bucket Challenge акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украиналық Femen белсенділері жартылай жалаңаш қалпында "өз үстілеріне мұздай қанды құйып, эстафетаны Владимир Путиннен алғанын" жар салуда. Femen қозғалысының сайтында "Путинмен бірге украиндықтардың қанына Патриарх Кирилл мен Украинаның жаңадан сайлаған митрополиті Онуфрий шомылып жатқаны" - хабарланған.
"Екеуі де құрбан болған украиндықтардың қанына шомылып, Путиннің соғысын белсенді түрде дәріптеп жатыр. Әскери уақыттың заңы бойынша өлімді дәріптегендер не атылып, не Украинадан қуылуы керек. Мәскеу Патриархы жойылсын! Украинада соғыс болмасын!", - делінген хабарламада.
Одан бөлек, осыдан екі күн бұрын Femen белсенділері Францияның Бретани портындағы Ресейге сатылуға арналған тік ұшақты таситын Mistral орналасқан аймаққа кіріп кеткен. Украиндық Femen қозғалысының жартылай жалаңаш екі қызы плакатқа және өздерінің денелеріне Ресей президенті Владимир Путинді қорлайтын сөздер жазып, жиналған журналистерге көрсетті. Еске салайық, ресейлік әскерилер Украина аймағына кірді деген ақпараттан кейін, Франция тарапы тік ұшақ таситын екі Mistral-ды жеткізу үшін жасалған келісім шартты тоқтатып қойды.