Канаданың Торонто қаласындағы АҚШ консулдығының алдында Фергюсонның наразылық білдіруші тұрғындарын қолдауға арналған бейбіт шеру өтті, - деп хабарлайды РИА Новости. Мұнда Канаданың жүздеген азаматы сот шешіміне қарсылық білдіру үшін жиналған. Еске сала кетейік, қаранәсілді Майкл Браун есімді жасөспірімді өлтірген полицей Даррен Уилсонды сот жазасыз қалдырған еді.

Toronto Star газетінің мәліметінше, қала тұрғындары "Қаранәсілді болу заңбұзушылық емес", "Қаралардың өмірінің мәні бар", сонымен қатар "Полицияда нәсілшілдік болмауы керек" деп ұрандаған. Басылым наразылық шарасының бейбіт өткенін жазады.
Еске сала кетейік, АҚШ-тағы алқабилер Фергюсонда жасөспірімді өлтірген полицей Даррен Уилсонды кінәсіз деп тапты. Ал полицей болса жасаған ісіне ұялмайтынын мәлімдеді. Сот шешімі шыққан соң наразылық акциялары басталып, ол тонаумен және өртеумен, оқ атумен жалғасты. Полиция наразылыққа шыққандарды ұстады, Сент-Луисте олардың саны 80-ге жетті.
Фергюсонда бір түнде 25 үй өртеліп, тоналған. Наразылық акциялары АҚШ-тың 38 штатында өтті. 26 қарашада наразылық тағы да жалғасады деп күтіліп жатыр. Айта кетейік, жасөспірім 9 тамызда өлтірілді. Фергюнсонда 18 жастағы қарусыз Майкл Браунға полицей Даррен Уилсон оқ атқан. Оқиғадан кейін қалада тәртіпсіздік орнап, көптеген тұрғын полицеймен қақтығыста жапа шекті, басым бөлігі көзден жас ағызатын газ бен топталған адамды тарату үшін атылған резеңке оқтардан жарақат алған. Фергюсонның 65 пайызын құрайтын қаранәсілді тұрғындар жергілікті полицияның оларға қысым көрсететінін айтып, шағымданды.