Филиппин Әскери-әуе күштері қателесіп, өз сарбаздарын қырып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппин Әскери-әуе күштері қателесіп, өз сарбаздарын қырып тастаған © Reuters

Филиппин Әскери-әуе күштері ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) топтарының позициясына соққы жасап, өз елінің 10 сарбазын өлтіріп алды, - деп хабарлайды Reuters. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Дельфин Лорензан мәлімдеді. Оның сөзінше, әуе соққылары уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, үкімет әскерінің тағы жеті сарбазы жарақат алған. Әуе соққылары SF-260 ұшағынан жасалған. Олар Марави қаласының орталығына бомба тастаған. Бірінші ұшақ нысанаға тисе, екіншісі мүлт кеткен. 

"Өз әскерімізге соққы жасағанымызға өкінеміз. Қателік болды - не пилот, не құрлық қызметтері қателесті", - деді Лонензан. Қарулы күштер ӘӘК мен құрлық әскері арқылы содырларды ғимараттан шығарып алуға тырысқаны айтылады. 

БАҚ-тың мәліметінше, Марави қаласына таласта соңғы 9 күн ішінде 38 әскери қызметші, 19 бейбіт тұрғын және 120 көтерілісші қаза тапқан. Қақтығыстар 23 мамырда басталған, бұл кезде көтерілісшілер өрт қойып, ғимараттарды басып алып, полиция машиналары тартып алып, кепілге адам ала бастаған. Олар қылмыскерлерді босатып, өз жағында соғысуға үндеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети