28 мамыр 2017 | 13:50

Филиппинде лаңкестер 19 бейбіт тұрғынды өлтірді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Исламшыл-лаңкестер Филиппиннің оңтүстігінде 19 бейбіт тұрғынды өлтірді, ал үкімет пен лаңкестер арасында жүріп жатқан қақтығыстан 85 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті билікке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Исламшыл-лаңкестер Филиппиннің оңтүстігінде 19 бейбіт тұрғынды өлтірді, ал үкімет пен лаңкестер арасында жүріп жатқан қақтығыстан 85 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті билікке сілтеме жасап.

Филиппиндік билік өкілдері осы оқиғаның Марави қаласында болғанын мәлімдеді. Ол жақта әлі де үкімет әскері мен исламшыл лаңкестер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - Ислам мемлекеті террорлық тобын қолдаушылар) арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Қаза тапқандар арасында үш әйел мен бала бар. Қаза тапқандардың денесін қаладағы университет маңында әскерилер тапқан. 

"Бұлар Қарапайым азаматтар, әйелдер... Біз олардың мәйіттерін іздеу-құтқару шаралары барысында таптық", - деді агентікке әскерилердің өкілі. 

Осыған дейін Филиппин қарулы күштері алыстан басқарылатын зымырандар арқылы Маравия қаласында тоқтату мақсатында лаңкестерге шабуыл жасады. Үкімет әскері мен ДАИШ қолдаушылары арасындағы қақтығыстарды Филиппин президенті Родриго Дутерте Минданао провинциясында соғыс жағдайы деп баға берді. Филиппин әскері Марави қаласында 13 лаңкестің көзін жойды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети