10 ақпан 2015 16:05

Филиппинде Рим папасына қастандық жасалмақ болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экстремистер Филиппинде Рим папасына қастандық жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды "Интерфакс" италиялық "Коррьере делла сера" басылымына сілтеме жасап.


Экстремистер Филиппинде Рим папасына қастандық жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды "Интерфакс" италиялық "Коррьере делла сера" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Рим папасына қастандық жасамақ болғандар - "Джема Исламия" тобының экстремистері. Филиппин полициясының мәліметінше, "әл-Каидамен" байланысы бар лаңкестер Манила қаласында 18 қаңтар күні бомба жармақшы болған.

Лаңкестердің жоспары бойынша, жарылғыш зат Рим папасының салтанатты шеруі өтетін көшелердің бірінде жарылуы тиіс болған. Бірақ олардың бұл жоспары неліктен іске аспағаны туралы полиция әзірше түсінік берген жоқ.

Айта кетейік, Рим-католик шіркеуін басқарған тұлғаларға бұған дейін де талай қастандықтың жасалғаны белгілі. Соның бірі 1981 жылы Римде болды. Түрік лаңкесі Мехмет Әли Агджа сол кездегі Рим папасы Иоанн Павел II-ге оқ атты, бірақ дінбасы тірі қалды. Агджа оқиға орнында ұсталып, өмір бойына сотталды. 1983 жылы понтифик Рим түрмесінде қылмыскермен кездесіп, ұзақ сөйлескеннен кейін оған кешірім берді. Ал Агджа 2000 жылы сәуірде Италия президентінің рақымшылығына ілігіп, Түркияға экстрадицияланды. Ол онда түрік газетінің журналисін өлтіріп, қарулы қарақшылық жасап, тағы 10 жыл түрмеде отырып шықты. Ал Иоанн Павел II 2005 жылы 84 жасында қайтыс болды.  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети