Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 208-ге жетті - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппинде тайфун салдарынан қаза тапқандар саны 208-ге жетті - БАҚ Сурет©️ Reuters

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппиндегі Odette тайфуны салдарынан қайтыс болған құрбандар саны 208-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін жергілікті БАҚ тайфун салдарынан 75 адам қаза тапқанын, 50 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған болатын.

Полиция қызметкерлерінің кейінгі мәліметтері бойынша, тайфун архипелагтың оңтүстік және орталық аудандарына әсер еткеннен кейін апат құрбандарының саны 208-ге жетті, кем дегенде 239 адам зардап шекті, 52 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.

Франс Пресс агенттігі тайфун елдің кейінгі тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болғанын хабарлады.

Тайфун 16 желтоқсанда Филиппинде көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. БАҚ барлық дерлік рейс, теңіз қатынасы тоқтатылғанын хабарлады. 300 мыңнан аса адам эвакуацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети