Финляндия қолжазбадан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндия қолжазбадан бас тартты ©Appleinsider.ru

Финляндия мектептері қолмен жазудан бас тартты, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Бұл елдегі мектеп оқушылары қолмен жазуды үйренбейтін болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндия мектептері қолмен жазудан бас тартты, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Бұл елдегі мектеп оқушылары қолмен жазуды үйренбейтін болды.

Финляндия білім беру министрлігі өкілдерінің пікірінше, оқушылар көп уақытын дәптердің емес, компьютердің алдында пернетақта арқылы мәтін терумен айналысуы керек. Бірақ елде оқушылар оқу барысында қаламмен және қарындашпен жазуды жалғастыра береді. Десе де, оқушылар баспа әрпімен жазады. Германияның кейбір федералды аймақтарында, мәселен Солтүстік Рейн-Вестфаллияда қазірдің өзінде бастауыш сыныптарда баспа әрпімен жазады.

Финляндияның қолмен жазудан бас тартатыны жайлы бұған дейін де хабарланған еді. Шешім 2016 жылдың оқу жылынан бастап күшіне енеді. Қарындашпен жазуға қарағанда пернетақтамен теру жылдам екені белгілі. Смартфон мен компьютер әрқашан да адамның қолында болады, ал қалам мен қағаз табыла бермейді, сондықтан финндердің бұл шешімі ақылға қонымды екенін жазады басылым. Көптеген мұғалімдер қаламмен жазудың орнына сурет және қолөнер сабақтарын арттыруды сұрайды. Финляндия Лапландиясымен танымал, Жаңа жыл қарсаңында бүкіл әлем осы жаққа хат жазады. Себебі бұл жақта Санта-Клаус өмір сүреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети