08 наурыз 2019 | 17:50

Финляндия үкіметі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндия президенті Саули Ниинисте елдің премьер-министрі Юха Сипильмен кездесу барысында үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады.


Иконка комментария блок соц сети

Финляндия президенті Саули Ниинисте елдің премьер-министрі Юха Сипильмен кездесу барысында үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады.

Фин президентінің кеңсесі қазіргі министрлер кабинеті уақытша жұмыс істейтінін  хабардар етті.

«Президент үкіметтің отставкасын мақұлдады және жаңа үкімет тағайындалғанша жұмысты уақытша жалғастыруды сұрады», - делінген кеңсе мәлімдесінде.

Үкімет әлеуметтік саулық саласындағы сәтсіз реформаға байланысты отставкаға кетті. 14 сәуірде Финляндияда үкіметтің сайлауы өтеді. Сол кезде жаңа үкімет құрылады.

Әлеуметтік-демократиялық партияның көшбасшысы Анти Ринне отставканы түсініксіз шешім деп айтты. Ол үкіметті Конституция талаптарына сай келмейтін заң жобаларын бастағаны үшін сынға алды.

Кейін белгілі болғандай, үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімді премьер-министр Юха Сипиляның өзі қабылдаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети