Флоренцияның орталығында 20 автомобиль жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Planet-today.ru. Төтенше жағдай тау жынысының қозғалуынан болған.
Флоренцияның орталығында 20 автомобиль жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Planet-today.ru. Төтенше жағдай тау жынысының қозғалуынан болған.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, әйгілі Понте Веккьо көпірінің маңында, Арно өзенінің жағасында таңғы кезде пайда болған. Қуанышқа орай, бұл кезде адамдар әлі ұйықтап жатқандықтан, ешкім тұраққа келмеген. Сондықтан да төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Шұңқырдың ұзындығы шамамен 200 метр болды.
© AFP
Қазір оқиға болған жерде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, шұңқыр Арно өзеніндегі топырақты судың салдарынан пайда болған. Дегенмен кейбір ақпарат құралдары қаладағы сумен жабдықтау жүйесінің құбыры жарылғанын хабарлады.
© AFP