Америкалық автокөлік өндіруші Ford пен немістің Mercedes-Benz концерні ресейлік компаниялардағы үлесін сатқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық автокөлік өндіруші Ford пен немістің Mercedes-Benz концерні ресейлік компаниялардағы үлесін сатқанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ford Motor Company Ресейдегі бұрын тоқтатылған қызметін аяқтады, ол Sollers Ford бірлескен кәсіпорнындағы 49 пайыз үлесін сатты. Ford акциялары бірлескен кәсіпорынға номинал бағамен беріледі. Егер жаһандық жағдай өзгерсе, Ford өзіне 5 жыл ішінде акцияларды кері сатып алу құқығын қалдырды", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Акцияларды сату биыл наурызда Ресейдегі барлық операция, соның ішінде өндіру, қосалқы бөлшектерді жеткізу, IT және инженерлік қолдау толығымен тоқтатылғаннан кейін жасалғаны атап өтілді.
Mercedes-Benz де Ресейден кетіп, ресейлік еншілес компаниялардағы акцияларын Avtodom дилерлік холдингіне сатады, деп хабарлайды iXBT.com.
Mercedes-Benz баспасөз қызметі компанияның Ресей нарығынан шығатынын растады. "Мерседес-Бенц Рус" компаниясының бас директоры Наталья Королеваның айтуынша, мәміле шарттарын келісудегі негізгі басымдықтар: ресейлік клиенттер алдындағы міндеттемелерді сатудан кейінгі қызмет көрсету және қаржылық қызмет көрсету саласында барынша қамтамасыз ету, сондай-ақ компанияның ресейлік бөлімшелері қызметкерлерінің жұмыс орындарын сақтау.
"Автоdom" компаниясы Есипово индустриал паркіндегі зауыт базасында бірлескен өндірісті ұйымдастыру үшін өндірістік серіктестер ретінде басқа компанияларды тарта алады. Технологиялық серіктесті таңдаумен Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі көмектесуге уәде берген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!