15 наурыз 2022 11:38

Fox News журналисі Киевте жарақат алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бенджамин Холл. Fox News видеосынан алынған кадр Бенджамин Холл. Fox News видеосынан алынған кадр

Америкалық Fox News телеарнасының продюсерлері журналист Бенджамин Холл Украинадағы қақтығыс туралы репортаж кезінде жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


Америкалық Fox News телеарнасының продюсерлері журналист Бенджамин Холл Украинадағы қақтығыс туралы репортаж кезінде жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Күндізгі жаңалықтар жүргізушісі Джон Робертс оқиға орнындағы команда әлі де мән-жайды анықтап жатқанын айтты.

"Тілшіміз Бенджамин Холл Украинадағы Киев маңында жаңалықтар жинау кезінде жарақат алды", - делінген телеарна хабарламасында.

Телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада бас директор Сюзанна Скотт дұға етуге шақырды.

"Бұл - күн сайын өз өмірін соғыс аймағынан жаңалықтар жеткізу үшін басын қауіпке тігетін барлық журналист үшін қатал ескерту", - деп жазды бас директор Сюзанна Скотт телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада.

Кейінірек Пентагон өкілі Джон Кирби емделіп жатқан Холлдың жарақатына алаңдады.

Сонымен қатар, Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова Facebook-те журналист жансақтауға түскенін, оның екі аяғы сынғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети