ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 11:38
Fox News журналисі Киевте жарақат алды
Америкалық Fox News телеарнасының продюсерлері журналист Бенджамин Холл Украинадағы қақтығыс туралы репортаж кезінде жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық Fox News телеарнасының продюсерлері журналист Бенджамин Холл Украинадағы қақтығыс туралы репортаж кезінде жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Күндізгі жаңалықтар жүргізушісі Джон Робертс оқиға орнындағы команда әлі де мән-жайды анықтап жатқанын айтты.
"Тілшіміз Бенджамин Холл Украинадағы Киев маңында жаңалықтар жинау кезінде жарақат алды", - делінген телеарна хабарламасында.
Телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада бас директор Сюзанна Скотт дұға етуге шақырды.
"Бұл - күн сайын өз өмірін соғыс аймағынан жаңалықтар жеткізу үшін басын қауіпке тігетін барлық журналист үшін қатал ескерту", - деп жазды бас директор Сюзанна Скотт телеарна қызметкерлері арасында таратылған жадынамада.
Кейінірек Пентагон өкілі Джон Кирби емделіп жатқан Холлдың жарақатына алаңдады.
Сонымен қатар, Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова Facebook-те журналист жансақтауға түскенін, оның екі аяғы сынғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также