05 тамыз 2016 | 14:19

Франция билігі халал супермаркет иесін шарап пен шошқа етін сатуды міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© express.co.uk © express.co.uk

Париж маңындағы Коломбо қаласында мұсылмандар үшін рұқсат етілген азық-түлік сататын Good Price халал супермаркетіне шарап пен шошқа етін сатуды міндеттеді. Егер олар оны істемесе жергілікті билік өкілдері дүкенді жабатынын айтып, сес көрсеткен.


Иконка комментария блок соц сети

Париж маңындағы Коломбо қаласында мұсылмандар үшін рұқсат етілген азық-түлік сататын Good Price халал супермаркетіне шарап пен шошқа етін сатуды міндеттеді. Егер олар оны істемесе жергілікті билік өкілдері дүкенді жабатынын айтып, сес көрсеткен.

Жергілікті ведомстводан Good Price ғимаратты жалға алған. Олардың айтуынша, супермаркет жалға алу шарттарын толығымен орындамаған. Негізінде ол "Әмбебап азық-түлік сататын дүкен болуы тиіс" деп хабарлайды The Telegraph. Биліктің айтуынша, супермаркетте алкоголь мен шошқа етінің болмауы клиенттерге сапасыз қызмет көрсетудің дәлелі.

"Коломб мэрі Николь Гуэртаның өзі супермаркетке келіп, дүкен иелеріне ассортиментті көбейтіп, алкоголь мен халал емес заттарды қосуды сұраған", - дейді басылым мэр әкімшілігінің басшысы Жером Беснардың сөзіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жергілікті тұрғында, егде жастағы кісілер бір жыл бұрын қарапайым супермаркеттің орнына келген Good Price дүкенінде азық-түліктің ассортименті жоқтығын айтып, шағымданған.

"Біз қоғамның араласқанын қалаймыз. Біз тек мұсылмандар тұратын немесе бірде-бір мұсылманы жоқ ауданның болғанын қаламаймыз", - дейді Беснар. Ол тура осындай жағдай кошерлік дүкен болса да бұл талаптарды қоятынын қоса айтты.

Коломб қалалық тұрғын үй ведомствосының ойынша, дүкен франция республикасының ұстанымдарын бұзып, белгілі бір этникалық қауымның мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр.

Good Store дүкенінің иесі Сүлеймен Ялчиннің айтуынша, дүкен осы ауданда тұратын тұрғындардың талаптарына жауап береді. "Келісімшартта "әмбебап азық-түлік сататын дүкен және сәйкес қызмет" деп жазылған, алайда "сәйкес қызмет" сөзін әркім әрқалай түсінеді", - дейді ол.

Билік өкілдері 2019 жылға дейін жасалған келісімшартты бұзу туралы сотқа шағым түсірген. Сот осы жылдың қазан айында болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети