ДАИШ лаңкестік ұйымы Нормандияның Сент-Этьен-дю-Рувре қалашығында 86 жастағы дін қызметшісін бауыздаған делінген видеоны жария етті. Бұл туралы MAILONLINE басылымы Amaq ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осыған жейін француз БАҚ-тары екі лаңкестің аты-жөні анықталғанын хабарлаған еді. Олар - Францияда туған 19 жастағы Абдель Малик пен 19 жастағы Адель Кермиш. Екіншісі 2015 жылы Сирияға екі мәрте кетіп қалмақ болғаны үшін биліктің бақылауында болған. Оның тіпті электрондық білезігі болыпты. Екеуі де ДАИШ-қа ант берген делінеді.
26 шілдеде пышақпен қаруланған Абдель Малик пен Адель Кермиш президенттің туған жері Руана маңындағы католиктер шіркеуін басып алған еді. Олар дін қызметшісі Жак Амельді алтарьдың алдына тізерлетіп отырғызып бауыздап жіберген. Сонымен қатар, шіркеуге келген бірнеше адамды жарақаттаған. Полиция осыдан кейін олардың көзін жойды.
Франсуа Олланд осы терактіне қатысты пікірінде ДАИШ-тың Францияға қарсы соғыс жариялағанын мәлімдеді.
Француздың Le Telegramme порталы сәрсенбіде оқиға орнынан жаңа видео жариялады. Онда фрацуз полициясының монах әйелді құтқарып, екі жиһадшыны өлтіргені көрінеді.