© ntv.ru
Франциялық жедел әрекет ету қызметтері адамдардың өліміне себеп болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Франциялық жедел әрекет ету қызметтері адамдардың өліміне себеп болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Le Parisien мәліметінше, қайғылы оқиға Анже қаласының орталығында болған. Онда көпқабатты үйдің 4-ші қабатындағы балкон опырылған. Оқиғаның салдарынан 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.
Қайтыс болғандардың есімдері мен жас аралықтары айтылмаған, тағы бір зардап шегушінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, балконға бір мезетте 10 шақты адамның шығуы себеп болуы мүмкін.