Францияда Президент сайлауы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Францияда президенттік сайлаудың бірінші туры басталды, жексенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Францияда президенттік сайлаудың бірінші туры басталды, жексенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Француз коммуналарының көпшілігінде сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 19.00-ге дейін ашық болады, ал үлкен қалаларда, соның ішінде Парижде, Лион, Марсель, Ницца, Бордо, Тулуза және басқаларында 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Франция президенті жалпыға бірдей дауыс беру арқылы бес жылға сайланады. Сайлауға 49 миллионға жуық сайлаушы қатыса алады. Дауыс беру екі турдан тұрады, біріншісі - 10 сәуірде, екіншісі - 24 сәуірде өтеді. Екінші турда біріншісінен өткен екі кандидат бақ сынасады.

Бірінші кезеңде 12 саясаткер жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер болады, олардың ішінде Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон, "Ұлттық бірлестік" оңшыл партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, "Республикашылдар" орталық-оңшыл партиясының кандидаты Валери Пекресс, оңшыл кандидат Эрик Земмур, "Жауланбаған Франция" солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшон, Коммунистік партияның ұлттық хатшысы Фабьен Руссель, Париж мэрі Анн Иидальго, социалистер партиясынан үміткер, Еуропа - Экология - Жасыл" партиясының мүшесі Янник Жадо және басқалар бар.

Бірінші турдың алдында жарияланған сауалнамалардың нәтижесі бойынша Макрон жеңіске жетіп тұр. Ол Ле Пеннен аз ғана озған.

Elabe компаниясының сауалнамасына сәйкес, 8 сәуірдегі жағдай бойынша, Макрон бірінші турда 26 пайыз, ал Ле Пен 25 пайыз жинаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro