Франция президенті Франсуа Олланд Ниццадағы терактіден кейін ел аумағында үш күндік қаралы күн жариялады, - деп хабарлайды француздың Le Figaro басылымы.
Франция президенті Франсуа Олланд Ниццадағы терактіден кейін ел аумағында үш күндік қаралы күн жариялады, - деп хабарлайды француздың Le Figaro басылымы.
"Біз терроризммен соғысқа тап болдық. Бүгіннен бастап мемлекеттік мекемелерде тулар түсірілді", - деді Франция премьер министірі Мануэль Вальс.
Сонымен қатар, жақын күндері парламент лаңкестікке байланысты елде жарияланған төтенше жағдайды тағы үш айға созу мәселесін қарастырады.
Белгілі болғандай, бірнеше күн бұрын жүк көлігі прокатқа алынған, Оны Прованс-Альп-Көкшіл Жағалау аймағында жалға алған. Қаза болғандар арасында шекара полициясының қызметкері болғандығы анықталды. Ауруханаға түрлі ұлттың өкілінен 54 бала түскен.
Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.
Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаікестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді.
Сондай-ақ, Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды деп шетелдік БАҚ жариялаған болатын.