26 маусым 2015 | 16:15

Франциядағы теракт: Күдікті фабрикаға бауыздалған денені алып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Global Look Press ©Global Look Press

Францияның Изер департаментінде орналасқан өндіріс кәсіпорнының аймағында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Кәсіпорынға шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғаны хабарланды.


Иконка комментария блок соц сети

Францияның Изер департаментінде орналасқан өндіріс кәсіпорнының аймағында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Кәсіпорынға шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғаны хабарланды.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, кәсіпорын территориясына лаңкес автомобильмен кіріп барған. Ер адам көлігін фабрика территориясында тұрған газды баллондарға қарай бұрған, бұдан кейін жарылыс болған. Оқиға маңында исламшылардың туы мен бауыздалған адамның денесі табылды. Ресми емес деректер бойынша, оқиғадан кейін тағы да осыған ұқсас оқиғалар болуы мүмкін. Оқиға орнына жергілікті прокурор келіп үлгерді. Франция ІІМ басшысы Бернар Казневтің келейін деп жатқаны белгілі болды. Франциядағы жарылысты ел прокуратурасының антитеррорлық басқармасы тергейді.

Осыған дейін 2015 жылдың қаңтарында Францияның шығысындағы Вильфранш-сюр-Со қаласының мешіті тұрған маңда орналасқан кебаб-мейрамханасында жарылыс болды. Жергілікті билік өкілдерінің біріне сілтеме жасаған БАҚ мәліметінше, болған оқиға криминалдық мәнге ие. Айта кетейік, бұл лаңкестік Парижде Charlie Hebdo редакциясының қызметкерлеріне жасалған шабуылдан кейін бір күн өткенде болды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети