Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози ұсталды, - деп хабарлайды AFP. Ол өкілеттігін асыра пайдалану туралы іс бойынша жауап беріп жатыр.
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози ұсталды, - деп хабарлайды AFP. Ол өкілеттігін асыра пайдалану туралы іс бойынша жауап беріп жатыр.
Францияның экс-президенті Николя Саркози 1 шілде күні таңертең Париждің іргесіндегі Нантер қаласында орналасқан полиция бөліміне әкелінді. Тергеушілер Саркозиді 24 сағат бойы ұстай алады, қажет болған жағдайда бұлтартпау шарасы осы мерзімге бір-ақ рет ұзартылады.
Экс-президентке миллиардер әйел Лилиан Бетанкурдың ісі бойынша өткен сот процесіне араласты деген күдік келіп отыр. Бетанкур Саркозидің сайлауалды кампаниясын заңсыз қаржыландырған. Бұған дейін тергеушілер бұрынғы президенттің сайлау науқанына қажетті қаржыны Ливияның бұрынғы жетекшісі Муамар Каддафи бөлген деген болжам айтқан болатын.
Телефон әңгімелерін тыңдаудың нәтижесінде Бетанкур ісі бойынша судьялардың бірі Саркози мен оның адвокатына тергеудің қызметтік материалдарын беруге келіскені расталды. Тергеудің мәліметінше, Саркози бұл қызмет үшін судьяға Монакодан жоғары лауазым ұсынған. AFP-ның хабарлауынша, экс-президенттің адвокаты одан бір күн бұрын қамауға алынған.