Париждегі терактілерге жауап ретінде француз билігі Сириядағы ДАИШ террорлық ұйымының позицияларына әуе соққыларын жасады, - деп хабарлайды France 24 Бесінші республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Францияның әскери-әке күштері ДАИШ астанасы деп есетелетін Ракка қаласын бомбалады. Иордания мен БАӘ әуе базаларынан ұшып шыққан он жойғыш ұшақ 20 бомба тастаған. Соққының салдарынан басқару орталығы, жаттығу лагері, лаңкестерді дайындау орталығы және қару-жарақ қоймасы жойылды.
БАҚ мәліметінше, француздардың шабуылы кезінде қалада дүрбелең болған. Операцияның АҚШ-тың келісімі бойынша жүргізілгені хабарланып отыр.
Француз әскери әуе күштерінің шабуылы Париждегі бірқатар террорлық актіден кейін екі күн өткенде жасалып отыр. Бұл терактілер ел тарихында ең қанды оқиға деп саналды. Соңғы мәліметтер бойынша, 129 адам қаза тапты, шамамен 352 адам жарақат алды. Терактілерге ДАИШ жауапкершілік алды.