Қытайлық әйел 26 отандасын босату үшін Федералды тергеу бюросының қызметкерлеріне пара бермек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Қытайлық әйел 26 отандасын босату үшін Федералды тергеу бюросының қызметкерлеріне пара бермек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің нақтылауы бойынша, Қытай азаматтары Калуга облысында көші-қон тәртібін бұзғаны үшін ұсталған.
"Әйел адам екі қызметкерге екі iPhone X немесе олардың құнын ақшалай алуды ұсынған. Ол 100 мың рубльді пара ретінде беру кезінде ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген РФ Тергеу комитетінің хабарламасында.
Әйел адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.