Футболдан әлем чемпионатына Ресейді қатыстырмауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан әлем чемпионатына Ресейді қатыстырмауды ұсынды Сурет lenta-ua.net сайтынан алынды

Америкалық сенаторлар Ресейді футболдан әлем чемпионатына қатыстырмауды талап етті, - деп хабарлайды РБК Республикалық сенатор Марк Кирк (Иллинойс штаты) пен Дэн Коутс(Индиана) Ресейді халықаралық футбол федерациясының мүшелігінен шығаруды ұсынып, ФИФА президенті Йозепп Блаттерге хат жолдаған. Хатта: "Біз Сіздерден ФИФА-ның кезектен тыс отырысын ұйымдастырып, Укрианаға жасап отырған әскери басқыншылық әрекеттеріне орай Ресейді 2018 жылғы чемпионатты өткізу құқығынан айырып, 2014 жылы Бразилияда болатын әлем біріншілігіне қатыстырмау туралы шешім шығаруларыңызды өтінеміз" делінген. Сенаторлар футбол федерациясы тура осындай шешіммен 1992 жылы Югославияны Еуропа чемпионатына, 1994 жылы әлем біріншілігіне қатыстырмай қойғанын тілге тиек еткен. Сондай-ақ, Украинаның төтенше және өкілетті елшісі, Украина сыртқы істер министерлігінің экс-спикері Маркиян Лубкивский 2018 жылы әлем чемпионатын Ресейде өткізбеу керектігі туралы мәлімдеме жасағанын айта кету керек. Естеріңізге сала кетейік, Сочидегі паралимпиадалық қысқы ойындардың ашылу салтанатына Украина құрамасы Ресейге қарсылық белгісі ретінде жалғыз спортшысын жіберген еді. Фишт стадионында шыққан алты ұлттық команданың ішіндегі украиналық бір ғана биатлонист Михаил Ткаченко кеудесін тік ұстап, қолындағы өз елінің жалауын желбіретіп бара жатты. Сол кезде Украинаның паралимпиадалық ойыншысына қалың жұртшылық аса зор ықыласпен қошамет көрсеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети