24 мамыр 2014 | 11:21

Футболдан әлем чемпионатының қауіпсіздігі Бразилияға 1 миллиард долларға түсіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wallsev.com Фото wallsev.com

Футболдан әлем чемпионатының қауіпсіздігі Бразилия үшін бір миллиард долларға түсіп отыр деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан әлем чемпионатының қауіпсіздігі Бразилия үшін бір миллиард долларға түсіп отыр деп хабарлайды РИА Новости.

Қазірдің өзінде Бразилия өзінің ұлттық валютасымен есептегенде қауіпсіздік шараларына 1,9 млрд реал жұмсаған. Бұл долларға шаққанда 857,5 миллион долларды құрайды. 

Шараға қауіпсіздікті бақылау мақсатында 157 мыңға тарта күш құрылымдарының жауынгерлері жұмылдырылады. Бразилия билігі ауқымды маштабтағы қауіпсіздік шараларын мамыр айының ортасында қарастыра бастады.  

Мәлім болғандай, Бразилияның 16,9 мың шақырым шекара аумағын "Агат-8" операциясы бақылайды.

Бұдан бұрын Бразилия президенті  Дилма Руссефф футболдан әлем чемпионаты кезінде барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылатын уәде еткен болатын.

Осыған орай әскери бөлімшелердің бірқатары чемпионат аяқталғанша шілде айының ортасына дейін шара өтетін жерде қалады деп жоспарлануда.

Дегенмен, қазірде Бразилияда чемпинотқа ауқымды көлемде қаржы жүмсауға байланысты түрлі қарсылық шаралары орын алуда. Бұған қоса құрылысшылар спорттық нысандардың  уақытында аяқталуына да үлгермей жатыр.
Еске салайық, әлем чемпионаты 12-ші маусым және 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети