24 қаңтар 2014 13:42

G Flex ерекше смартфоны ТМД мен Еуропа елдерінде саудаға шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©LG ©LG

LG Electronics компаниясы көп марапатқа ие болған G Flex инновациялық смартфонын ұсынады деп хабарлайды Tengrinews.kz, бұл - адамның бет қимылын сезетін дизайны бар әлемдегі тұңғыш телефон. Келесі айдан бастап, Еуропаның Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция елдері мен Австралияның және ТМД-ның тұтынушылары қазіргі заманғы смартфон индустриясының инновациялық құрылғысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. LG G Flex бұған дейін Азия нарығына шығарылып, CES тұтыну электроникасы көрмесінде таныстырылған. Сонымен бірге, АҚШ-тағы AT&T, Sprint, T-Mobile ұялы операторларына арналып шығарылды. "LG G Flex-тің Еуропада таныстырылуы ғаламдық нарықта иілген экраны бар смартфондар өндірісінде табысқа деген сенімділігімізді көрсетті. Сыйлықақыға лайық смартфон LG-ді тұтынушылардың әр сегменті үшін бірегей өнім ұсына алатын бренд ретінде нығайта түсті. Бұл құрылғы біздің даму бағытымыздың оң бағытта болуына кепілдік бере алады" - дейді LG Electronics Mobile компаниясының президенті әрі СЕО-сы Джонг-сеок Парк. LG G Flex түрлі салада рекорд орнатты. Диагоналі 6 дюйм болатын пластикті OLED экран (P-OLED) смартфонға арналған әлемдегі ең үлкен дисплей саналады. Ол дүниежүзіндегі иілген батареясы бар тұңғыш телефон, оның сырт жақ корпусының қорғанышы мықты, қандай да бір зақым келген кезде ол өзінен өзі қалпына келеді, бұл жағынан да смартфонның әлемде теңдесі жоқ. Бірегей құрылғының интерфейсі өте ыңғайлы, онда экранды үлкен саусақтармен перде тәрізді жан-жаққа ысырып жіберіп, бейнесервистерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін QTheatre фукнциясы бар. Dual Window қызметі өзге нәрселерге жылдам қол жеткізу үшін жұмыс үстелін екіге бөлсе, Swing Lockscreen құлыпталған экранды жан-жаққа сырғыған саусақтың көмегімен ашуға көмектеседі. Еуропаға ұсынылған смартфонның негізгі сипаттамасы: - Процессор: 2.26 ГГц Quad-Core Qualcomm Snapdragon™ 800 (MSM 8974) / графикалық жеделдеткіш: Adreno 330, 450МГц; - 6 дюймдық экран: HD (1280 x 720), иілген P-OLED (түрлі-түсті сызбанұсқа Real RGB); - Оперативті жады: 2Гб LP DDR3 RAM / мәліметтерді сақтауға арналған кіріктірілген жады - 32Гб eMMc; - Камера: сыртқы 13.0 Mп / фронтальді 2.1 Мп; - Батарея: 3,500mAч (кіріктірілген); - Операциялық жүйе: Android Jelly Bean 4.2.2; - Өлшемдері: 160.5 x 81.6 x 7.9 - 8.7 мм; - Салмағы: 177 граммов; - Желілер: LTE / HSPA+ / GSM; - Қосылу: BT 4.0 / WiFi (802.11 a/b/g/n/ac) / NFC; - Түс: күміс титан; - Басқа ерекшеліктері: студиялық дыбыс Hi-Fi 24bit, 192kHz.

Жарнамалық материал
LG
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети