27 наурыз 2020 12:33

G20 елдері мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

26 наурызда видео-конференция форматында G20 тарихындағы тұңғыш саммит өтті, оның қорытындысы бойынша "Үлкен жиырмалық" бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Reuters.


26 наурызда видео-конференция форматында G20 тарихындағы тұңғыш саммит өтті, оның қорытындысы бойынша "Үлкен жиырмалық" бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Reuters.

G20 саммиті бастапқыда қараша айына жоспарланған болатын, алайда коронавирус пандемиясына байланысты әлемдік көшбасшыларға жедел байланысқа шығуға тура келді.

Мәжіліс төрағасы Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдель Азиз болды. Саммитті ашу рәсімінде, ол COVID-19 пандемиясы арқылы елдер ортақ проблема алдында ұйыса алатынына сенім білдірді.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин пандемияға қарсы күресте ғалымдар мен медицина қызметкерлері сияқты адамдарды шекаралардан өтуге тыйым салуды алып тастау туралы ұсыныс жасады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин әлемдік экономиканы ынталандыру үшін салық бажын алып тастауға және еркін тауар алмасуды қамтамасыз етуге шақырды.

Ресей президенті Владимир Путин дағдарыс жағдайындағы елдерге қатысты санкциялар саясатын қайта қарау тақырыбын көтерді. Ол коронавирус пандемиясы 2008 жылғы қаржы дағдарысына қарағанда айтарлықтай зардапқа әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Жалпы барлық көшбасшының мәлімдемесі вирустың әлемдік экономикаға залалын азайту жөніндегі шараларды үйлестіру мен дайындау қажеттілігіне қатысты болды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме дайындалды, онда "Үлкен жиырмалық" елдері пандемиядан экономикалық шығынды азайту және нарықтағы тұрақтылыққа қол жеткізу үшін қажетті барлық жағдайды жасауға келісті.

G20 қатысушылары "адамдарды құтқаруға, олардың табысы мен жұмыс орындарын қорғау, қаржылық тұрақтылықты сақтауға" мүдделі екені хабарланды. Бұл үшін елдер "коронавирус пандемиясына қарсы күресте бірігуге" дайын.

"Біз мақсатты бюджеттік саясат пен пандемияның әлеуметтік, экономикалық және қаржылық салдарларына қарсы іс–қимылдың экономикалық шаралары аясында әлемдік экономикаға бес триллион доллардан астам қаржы инвестициялаймыз", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, G20 елдері коронавирус пандемиясымен күресуге Біріккен Ұлттар Ұйымын, Халықаралық валюта қорын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын белсенді түрде тартуға, сондай-ақ СОVID-19 пандемиясымен күресу үшін қосымша қаражат бөлуге келісті.

Айта кету керек, қоғамдастықтың көпжылдық бюджетін реттеу жоспарланған 20 және 21 ақпанда Брюссельде болған Еуроодақ саммиті нәтижесіз аяқталды.

Бұған дейін, Дональд Трамп маусым айында Кэмп-Дэвид президенттік резиденциясында өтуі тиіс болған G7 ("Үлкен жетілік") көшбасшыларының жеке кездесуін видео-конференцияға ауыстырғаны хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети