02 желтоқсан 2018 | 17:24

G20 көшбасшылары Аргентинада қандай келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RFE/RL © RFE/RL

"Үлкен жиырмалық" Аргентинадағы G20 саммитінің қорытынды декларациясын жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Үлкен жиырмалық" Аргентинадағы G20 саммитінің қорытынды декларациясын жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Декларацияда "Үлкен жиырмалық" елдерінің басшылары Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) реформалау қажеттілігі туралы келісімге келгені жайында айтылған. 

Сондай-ақ, осы G20 саммитіне қатысушылар, Құрама Штаттардан басқасы, климат бойынша Париж келісімін ұстанатындарын айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде америкалық тараптың осы келісімнен шығу ниеті барын жеткізді. 

Сонымен қатар, Аргентинада өткен саммиттің барлық қатысушылары экономикалық даму мақсатында барлық саяси мүмкіндікті пайдалану шешімін шығаратыны туралы қорытынды декларацияда жазбаша бекітті. Осы мәліметті RT басылымы жариялады. 

Сонымен қатар, "жиырмалық" басшылары жаппай көші-қон мәселесін шешуге және босқындарға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. 

"Үлкен жиырмалық"жаһанның экономикалық және қаржылық ынтымақтастық мәселелерін талдауға арналған басты форумдардың бірі.

"Үлкен жиырмалықтың" құрамында Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, ОАР, Жапония, ЕО елдері бар.

"Үлкен жиырмалық" саммиті G-20 халықаралық экономикалық және қаржылық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер мен аспектілер бойынша халықаралық ынтымақтастық алдында тұрған мәселелерді жұмыла талқылауға арналған халықаралық форум болып табылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети