G7 (үлкен жетілік) мемлекеттерінің басшылары Гаагада өткен Саммитте егер Мәскеу Украинадағы жағдайды реттеуге әрекет етпесе онда Ресейге қатысты санкциялар күшейтілетінін ескертті. Бұл туралы G7 өкілдерінің Гаагада өткен кездесу барысында қабылдаған біріккен мәлімдемеде айтылған. "Ресей орын алған жағдайларға байланысты қандай да бір шара қолдануға әрекеттенбейтін болса, онда біз ресейлік экономикаға тікелей әсер ететін тетіктерді іске қосуға көшетін боламыз", - делінген біріккен мәлімдемеде. G7 елдерінің басшылары Ресейге орын алған жағдайды қалыпқа түсіру үшін Украина үкіметімен тездетіп келіссөздер жүргізуге кеңес те берді. G7 жетекшілері сондай-ақ, Ресеймен G8 форматында кездесулерді тоқтататындықтарын мәлімдеді. "Ресей алған бағытын өзгертпейтін болса, онда біз Ресейдің қатысуымен G8 форматында өтетін кездесулерді тоқтатып, талқылауларға қатыспаймыз. Және 2014 жылы маусымда Брюсселде өткелі отырған кездесуді бұрынғыдай G7 форматында өткізетін боламыз", - делінген біріккен мәлімдемеді. Атап өтейік, Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен арада жүргізген келіссөз барысында Ресейдің G8 форматына "жабысып" қалмағандығын айтқан болатын. "Сегіздік - бұл бейресми клуб, онда ешкім мүше билетін жазып бермейді және ешкім ешкімді қалаған уақытында қуып шыға алмайды. Ал барлық экономикалық, қаржылық мәселелер "сегіздікте" емес, "жиырмалық тобында" шешіледі. "Сегіздіктің" о баста құрылуының өзі де, батыс пен Ресей арасында диалог орнату үшін құрылған", - деп РИА Новости Лавровтың сөзінен үзінді келтірді.
G7 (үлкен жетілік) мемлекеттерінің басшылары Гаагада өткен Саммитте егер Мәскеу Украинадағы жағдайды реттеуге әрекет етпесе онда Ресейге қатысты санкциялар күшейтілетінін ескертті. Бұл туралы G7 өкілдерінің Гаагада өткен кездесу барысында қабылдаған біріккен мәлімдемеде айтылған.
"Ресей орын алған жағдайларға байланысты қандай да бір шара қолдануға әрекеттенбейтін болса, онда біз ресейлік экономикаға тікелей әсер ететін тетіктерді іске қосуға көшетін боламыз", - делінген біріккен мәлімдемеде. G7 елдерінің басшылары Ресейге орын алған жағдайды қалыпқа түсіру үшін Украина үкіметімен тездетіп келіссөздер жүргізуге кеңес те берді.
G7 жетекшілері сондай-ақ, Ресеймен G8 форматында кездесулерді тоқтататындықтарын мәлімдеді. "Ресей алған бағытын өзгертпейтін болса, онда біз Ресейдің қатысуымен G8 форматында өтетін кездесулерді тоқтатып, талқылауларға қатыспаймыз. Және 2014 жылы маусымда Брюсселде өткелі отырған кездесуді бұрынғыдай G7 форматында өткізетін боламыз", - делінген біріккен мәлімдемеді.
Атап өтейік, Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен арада жүргізген келіссөз барысында Ресейдің G8 форматына "жабысып" қалмағандығын айтқан болатын. "Сегіздік - бұл бейресми клуб, онда ешкім мүше билетін жазып бермейді және ешкім ешкімді қалаған уақытында қуып шыға алмайды. Ал барлық экономикалық, қаржылық мәселелер "сегіздікте" емес, "жиырмалық тобында" шешіледі. "Сегіздіктің" о баста құрылуының өзі де, батыс пен Ресей арасында диалог орнату үшін құрылған", - деп РИА Новости Лавровтың сөзінен үзінді келтірді.